1. Білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған «Дінтану негіздері» біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан əрі – Бағдарлама) «Дінтану» пəні бойынша білім беру ұйымдары педагогтерінің кəсіби жəне педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған.
2. Бағдарламаның өзектілігі. Соңғы жылдары жастардың рухани дəстүрлерге, оның ішінде дінге деген қызығушылығының өсуі байқалады. Көбіне жастар, өздері білмей, мақсатты түрде жаңа адептерді азғырып-көндірумен айналысатын деструктивті діни ағымдарға (бұдан əрі – ДДА) тартылады.
Жастарды радикалды ағымдар мен қозғалыстарға тарту көбінесе олардың жеке тұлғалары əлі толық қалыптаспағандығымен жəне оңай əсер ететіндігімен анықталады. Сонымен қатар, жас адам əрекет етуге мəжбүр болған тұрақсыз əлеуметтік-экономикалық жағдайлар жастарды радикалдар мен экстремистер шеңберіне тарту қаупін арттырады.
Қазақстанда ДДА қатерлеріне, оның ішінде діни экстремизм мен терроризм проблемаларына қарсы іс-қимыл жəне олардың алдын алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде мəлімделді. Осыған сəйкес заңнамалық база жетілдірілуде, көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда, осы мəселелерді шешуге уəкілетті барлық мемлекеттік жəне қоғамдық органдар құрылуда.
ДДА идеологиясының алдын алудың маңызды аспектілерінің бірі діни сауаттылық болып табылады. Жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде жүргізілетін «Дінтану» пəні дін саласындағы білімді жақсартудың пəрменді əдісі болып табылады. Алайда, өкінішке орай, тарих немесе география пəнінің мұғалімі «Дінтану» пəнінің мұғалімі болу біздің елімізде жиі кездеседі. Тиісінше, білім алушыларға жағымды əсер етуі мүмкін тиімділік азаяды.
Осылайша, педагог тұрғысынан діни сауаттылықты арттыру жəне ДДА идеологиясының алдын алу мақсатында білім алушылармен жұмыс жүргізудің маңыздылығын ескере отырып, педагогтер үшін дінтану саласында кəсіби құзыреттілікті арттыру курстарына үлкен қажеттілік бар.
Сондай-ақ, педагогтер мен дін саласындағы мамандар арасында тəжірибе алмасу, өзекті мəселелерді талқылау, бірлескен шешімдерді табу жəне дінтану пəнін оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында одан əрі бірлескен ынтымақтастыққа үміт арту маңызды аспект болып табылады.
3. Бағдарлама «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС тарапынан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жəне білім беру процесін іске асырудағы кейбір қиындықтарды анықтауға сауалнама жүргізу арқылы педагогтердің кəсіби білімін диагностикалау нəтижелерінің негізінде əзірленді.
4. Біліктілікті арттыру курсының (бұдан əрі – Курс) ұзақтығы бір рет күнтізбелік тоқсанда бір күнтізбелік апта ішінде офлайн жəне онлайн форматта 36 академиялық сағатты құрайды.
5. Курстың білім беру процесі оқытудың əртүрлі формаларын қамтиды: дəріс, практикалық сабақ, практика, семинар.
6. Бағдарлама жастардың діни-ғылыми сауаттылығын арттырып, олардың рухани иммунитетін нығайтып, өскелең ұрпақпен жұмыс істеуде дінтану пəнін оқытудың нысандары мен əдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
1) конфессия немесе дінге сену – белгілі бір діни ілімнің бір тармағы, бірақ басқа да тармақтарының болуы, яғни конфессиялар;
2) дəстүрлі емес діндер – дəстүрлі ұлттық жəне əлемдік діндер шеңберінен шыққан, бірақ олардың идеяларын, нышандары мен салттарын пайдаланатын діни қозғалыстар жəне олар құрған ұйымдар;
3) дінтану – дінді қоғам құбылысы жəне қоғамның рухани өмірінің феномені ретінде зерттейтін философиялық ғылым;
4) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
5) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тəртіппен біріккен ерікті бірлестігі;
6) тəуекел – нəтижесінің белгісіздігінен жəне сəтсіз болған жағдайда ықтимал қолайсыз салдарлардан тұратын қызметтің ахуалдық сипаттамасы;
7) дəстүрлі діндер – діни ұғымдар, сенімдер мен табынулар.
Сабаь;тар таь;ырыбы | Практикалыь; сабаь ;, практика, семинар | Жобаны ь;огр ау | Барлыгы | ||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Инвариантты бвлім | |||||
1 | Нормативтік х¥$*ЦТЫК,МОД ЛЬ | 4 | 4 | ||
1.1 | Курстыц взектілігі. Орта білім беру педагогтерініц цызметін реттейтін нормативтік щцыцтыц актілер. К,азацстан Республикасыныц «Білім туралы», «Педагог мартебесі туралы», «Діни цызмет жане діни бірлестіктер туралы», «Балаларды денсаулыгы мен дамуына зардабын тигізетін ацпараттан цоргау туралы» Зацдары | 4 | 4 | ||
2 | Психологиялыъ;-педагогикалыъ; модуль | 4 | 4 | ||
2.1 | Білім алушылармен психологиялыц мысты жузеге асыру негіздері | 2 | 2 | ||
2.2 | «Тауекел тобындагы» балалармен психологиялыц—педагогикалыц мыстыц нысандары мен адістері | 2 | 2 | ||
3 | Мазмундыь; модуль | 12 | 6 | 18 | |
3.1 | ДР-ныц жастары ортасында дастурлі емес конфессияларды тарату | 2 | 2 | ||
3.2 | К,Р-дагы дастурлі жане дастурлі емес діни конфессиялар | 2 | 2 | ||
3.3 | дастурлі емес діни цозгалыстар (ДЕДК,) жане цазацстандыц жастар. ДДА | 2 | 2 | 4 | |
3.4 | ДР-дarы діни ахуал жане адамдардыц цифрлыц цауіпсіздігін цамтамасыз ету туралы | 3 | 2 | 5 | |
3.5 | «Зайырлылыц жане дінтану негіздері» сабагында ацпараттыц сауаттылыцты К,dЛЫПТБСТЫ]Э | 3 | 2 | 5 |
4 | Технологиялык модуль | 2 | 2 | 4 | |
4.1 | Педагогтердіц IT-кузыреттілігін жане цифрлыц сауаттылыгын дамыту | 2 | 2 | ||
4.2 | Аныцтамалыц, адістемелік, оныц ішінде бейнематериалдар мен энциклопедиялыц свздіктерді білім беру процесінде пайдалану. Білім беру порталдары мен педагогикалыц желілік цогамдастыцтармен жумыс негіздері | 2 | 2 | ||
5 | Вариативтік модуль | 2 | 2 | 4 | |
5.1 | Дінтануды уйымдастыру мен оцытудыц тиімді адістерін цолдану | ||||
5.2 | Сабацтарды уйымдастыру жане вткізу кезінде циындыц тудыратын проблемалыц маселелерді талцылау жане аныцтау | ||||
6 | Жобаны xopray | 2 | 2 | ||
Жиынтыгы: | 24 | 10 | 2 | 36 |
9. Бағдарламаның мақсаты дінтану пəні бойынша педагогтердің кəсіби құзыреттілігін жəне олардың тиімді өзара іс-қимылын арттыру, діни экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу жөніндегі жұмыс əдістерін жетілдіру шеңберінде біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру болып табылады.
10. Бағдарламаның міндеттері:
1) білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету арқылы ДДА идеологиясын түсіндіру;
2) жасөспірімдер арасында дəстүрлі діни сананы қалыптастыру бойынша тиімді жəне жүйелі жұмыс туралы жаңа əдістер мен нысандарға оқыту;
3) педагогтердің жалпы діни сауаттылығын арттыру;
4) дін саласында білім алушылармен жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын тəжірибе мен арнайы дағдыларды беру;
5) білім алушыларды тəрбиелеуде жəне дамытуда, дінтану пəнін зерделеу процесінде оқыту заңдылықтарын қарау;
6) оқытудың қажетті құралы ретінде қазіргі қоғамда сұранысқа ие талдамалық жəне сараптамалық ойлауды қалыптастыру.
11. Курс соңында тыңдаушылар:
1) біледі:
орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамалық жəне нормативтік құқықтық негіздерін; тəрбиенің негізгі принциптерін (гуманизм, патриотизм, руханилық, толеранттылық жəне т. б.);
əлемдік діндердің негізгі догматтарын;2) меңгереді:
діннің негізгі функцияларын түсіндіруді; діни дəстүрлердің мазмұнын, олардың дүниетанымдық жəне əлеуметтік-адамгершілік маңыздылығын түсінуді; дінтануды ұйымдастыру мен оқытудың тиімді əдістерін қолдануды; əлемдегі діндерді, мəдени жағдайларды бағдарлауды; діни нышандарды тануды;3) дағдысын қалыптастырады: конфессиялық жəне дінтану терминологиясының негізгі ұғымдары; оқытудың заманауи əдістері мен технологияларын қолдану.
12. Бағдарлама құрылымы:
1) жалпы ережелер;
2) глоссарий;
3) бағдарлама тақырыптары;
4) бағдарламаның мақсаты, міндеттері жəне күтілетін нəтижелері;
5) бағдарламаның құрылымы мен мазмұны;
6) оқу процесін ұйымдастыру;
7) бағдарламаның оқу-əдістемелік қамтамасыз етілуі;
8) оқыту нəтижелерін бағалау;
9) курстан кейінгі қолдау;
10) негізгі жəне қосымша əдебиеттер тізімімен қамтылады. Тыңдаушыларда практикалық білімді, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру үшін Бағдарлама модульдерді меңгеруді жəне оларды игеру бойынша жобаны қорғауды қарастырады.
13. Бағдарламаның мазмұны бес модульден тұрады:
1) нормативтік құқықтық модуль – білім беру жүйесінің заңнамалық, нормативтік құқықтық базасын жаңарту жөніндегі мəселелерді, білім беруді жаңғырту бағыттарын ашады;
2) психологиялық-педагогикалық модуль – білім беру процесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері туралы білімді жетілдіруді жəне білім алушының тұлғасын дамытуды көздейді;
3) мазмұндық модульді оқу нəтижесінде тыңдаушылар дінтану пəні бойынша жаңа ұғымдар мен білімді, оның ішінде діндерді, əлемдегі мəдени жағдайды бағдарлауды меңгеру мүмкіндігіне ие болады;
4) технологиялық модуль – педагог өз қызметінде телевизиялық сабақтар, интернет-платформалар арқылы өтетін түрлі сабақ-конференциялар, өзіндік жұмыстың əртүрлі нысандары, чат-сабақтар сияқты оңтайлы жəне алуан түрлі қызмет түрлерін қолдану туралы мəселелерді қарастырады;
5) вариативтік модуль – педагогтердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға жəне педагогтердің өздерінің коммуникативтік құзыреттіліктерінің даму деңгейін көтерудің маңыздылығын ұғынуына ықпал етеді. Вариативтік модульдің тақырыбы тыңдаушылардың кіріс сауалнамасы негізінде анықталады.
14. Бағдарлама бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндізгі (теориялық жəне практикалық) жəне (немесе) қашықтан (онлайн) сабақтар өткізуді, сондай-ақ тыңдаушының өзіндік жұмысын көздейді. Теориялық сабақтардың көлемі (дəрістер – 24 сағат), практикалық сабақтардың көлемі – 10 сағат, жобаны қорғау \офлайн форматта оқыған кезде\, білім беру онлайн-платформасында жəне Google дискідегі онлайн-сілтеме бойынша тестілеу\онлайн форматта оқыған кезде\, дайындау бойынша өзіндік жұмысты қоса алғанда – 2 сағат.
15. Білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін Бағдарламаны іске асыру заманауи технологиялар мен оқытудың белсенді əдістері негізінде жүзеге асырылады, əріптестермен тəжірибе алмасу жəне талқылау жүргізіледі, тексеру алгоритмін пайдалану арқылы меңгерілетін материалдың сапасын тексеру жəне бағалау жүйесі іске асырылады.
16. Бағдарлама кері байланыс пен рефлексияны, оқытудың белсенді жəне интерактивті əдістерін пайдалануды қамтиды: дəріс, семинар, практикалық сабақтар, тренинг, шеберлік сынып, конференция, дөңгелек үстел, шағын сабақтың таныстырылымы (шағын іс-шаралар), дидактикалық ойындар, нақты жағдайларды талдау, бейнефильмдерді талқылау, вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес беру, проблемалық мəселелерді шешу, алгоритм бойынша оқыту, миға шабуыл, ми шабуылы, кейс-стади, пікірталастар, рөлдік ойындар, диалогтық алаң, жобалар əдісі, проблемалық əдіс жəне тыңдаушының өзіндік жұмысы.
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар Курстың оқу-əдістемелік кешеніне кіреді.
17. Тыңдаушыға арналған Бағдарламаны оқу-əдістемелік қамтамасыз ету теориялық материалдан (дəрістер, таныстырылымдар) жəне өзіндік жұмыс істеуге арналған практикалық тапсырмалардан (жаттығулар, сұрақтар), білім беру ресурстары мен бағалау материалдарынан тұрады.
18. Оқу материалдары тыңдаушылардың табысты оқуын, белсенді танымдық, шығармашылық, сондай-ақ коммуникативтік қызметін қамтамасыз етеді, оларға өздерінің оқу материалдарын жасауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама мынадай оқу-əдістемелік қолдау енгізілген оқу-əдістемелік кешеннен тұрады:
1) оқу жоспары жəне бағдарламалары;
2) оқу-əдістемелік құралдар;
3) дидактикалық материалдар;
4) көрнекі жəне техникалық оқыту құралдары;
5) диагностикалық құралдар.
Оқу-əдістемелік құралдар теориялық материалдар, практикалық тапсырмалар, бақылау сұрақтары жəне білім деңгейін анықтауға арналған тестілер негізінде əзірленген.
19. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылардың білімін бағалау үшін дін, ДДА идеологиясының қауіптілігі жəне т. б. туралы алынған білім тақырыбында тыңдаушыларды бағалау, сондай-ақ қорытынды əлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі.
20. Бағдарлама екі негізгі критерий негізінде бағалауды қарастырады:
1) бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін білу жəне түсіну;
2) педагогикалық қызметте қалыптасқан кəсіби құзыреттерді практикалық қолдану.
21. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушы əзірленген жобаны жеке немесе топта қорғайды.
22. Тыңдаушылардың білімін бақылау жəне бағалау өз бетінше жұмыс, жобалық жұмыс, шағын-сабақ (шағын іс-шара) презентациясы, қорытынды тестілеу түрінде жүргізіледі. Тыңдаушылардың өз бетінше жұмысына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жобалық жұмыстар мен шағын сабақтардың (шағын іс-шаралар) тақырыптары курстың оқу-əдістемелік кешеніне енгізілген.
23. Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша бақылау жұмысын бағалау критерийлері:
- "сынақ" (тест: 50 пайыз жəне одан жоғары);
- "сынақтан өтпеді" (тест: 50 пайыздан төмен).
Жоба бойынша ең жоғары балл 20 баллды құрайды.
Мынадай сызба бойынша дəстүрлі бағалау нормаларында жұмыс істегені үшін
баллдар сомасы:
"5" (өте жақсы) бағасы 17-20 баллға қойылады.
"4" (жақсы) 14-16 балл.
"3" (қанағаттанарлық) 10-13 балл.
24. Педагог қызметін Курстан кейінгі қолдау əдістемелік көмек көрсетудің мынадай нысандары мен тəсілдерін қамтиды:
1) Курсты ұйымдастырушының мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша алынған құзыреттерді педагогтің қолдану нəтижелерін қадағалау;
2) инновациялық идеялармен алмасу жəне оны тарату, Курстан кейінгі жұмыс барысында алынған білім беру технологияларын енгізу бойынша озық педагогикалық тəжірибемен алмасу: шеберлік сыныптарға /вебинарларға/ семинарларға-тренингтерге қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалаларын жариялау жəне басқалар.
25. Тыңдаушылармен қарым-қатынас жасауға арналған алаң: Zoom-да кездесу, Facebook, Instagram-да вебинарлар өткізу, ақпарат алмасу, WhatsApp-та пікірлер ұсыну.
26. Педагогтің қызметіне курстан кейінгі қолдау мониторингі үш жыл бойы жылына бір рет сырттай немесе қашықтық нысанында өткізіледі.
27. Тыңдаушылардың өз бетінше зерделеуі үшін ұсынылған негізгі жəне қосымша əдебиеттер, сондай-ақ электрондық ресурстар тізімі:
1) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 ж. 27.07. № 319-III/https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30118747&pos=3;-106#pos=3;-106;
2) Қазақстан Республикасының «Педагог мəртебесі туралы» 2019ж.27.12./№293-VI Заңы [Электрондық ресу с] //,ttps://kodeksy-z.com/ka/o_statuse_pedagoga/download.htm;
3) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» 2011 ж.11.10. № 483-IV Заңы;
4) Қазақстан Республикасының «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 ж. 2.07. № 169-VI Заңы;
5) Всеобщая история религий мира – Эксмо, 2021 г.;
6) Психология и этика делового общения. Бороздина Г.В. –Издательство: ИНФРА-М, 2019 г.;
7) Возрастная психология. В. С. Мухина – М.: Академ. проспект, 2018 г.;
8) Интербелсенді оқыту əдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы. Алимов А.К. Центр педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальная школа», 2014 г.;
9) Дін мен дəстүр, І кітап, ҚМДБ – Алматы, 2014 ж.;
10) Дін мен діл. Қайрат Жолдыбайұлы — Алматы, Ислам мəдениеті мен білімін қолдау қоры, 2010 ж.;
11) Дінтану негіздері. Ғ. Есім, А. И. Артемьев, С. Қанаев, Г. Білəлова — Алматы, Білім баспасы, 2003 ж